
Нөмірді жылдам теру түймешіктері
Телефон нөмірін 2 мен 9 арасындағы санды
түймешіктердің біріне тағайындау үшін Мәзір >
Контактылар > Жылдам теру пәрменін таңдап,
қажетті нөмірге дейін жылжыңыз және Беру пәрменін
таңдаңыз. Қажетті телефон нөмірін енгізіңіз немесе
Іздеу пәрменін және сақталған байланысты таңдаңыз.
Нөмірді жылдам теру функциясын қосу үшін Мәзір >
Параметрлер > Қоңырау > Нөмірді тез теру > Қосу
пәрменін таңдаңыз.
Нөмірді жылдам теру функциясын пайдаланып
қоңырау шалу үшін, күту күйінде қажетті санды
түймешікті басып тұрыңыз.