СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
(SAR)
Бұл жылжымалы кұрылғы радио толқындарының әсері
жөніндегі ережелердің талаптарына сай.
Сіздің жылжымалы құрылғыңыз радио сигналдарын
жібереді және қабылдайды. Ол халықаралық
ережелерде ұсынылған радиожиілік әсерінің
шектерінен аспайтын дәрежеде жобаланып жасалған.
Бұл ережелерді ICNIRP (Иондандырмайтын
сәулелерден қорғау жөніндегі халықаралық комитет)
тәуелсіз халықаралық ұйымы әзірлеген және онда
жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан барлық
кісілердің қорғалуын қамтамасыз етуге арналған
сенімділік қоры қамтылған.
Жылжымалы құрылғылар шығаратын сәулелену
деңгейін анықтау үшін үлестік сіңірілу коэффициенті
немесе SAR деп аталатын өлшем бірлігі
қолданылады. ICNIRP ережелерінде көрсетілген SAR
шегі дене тінінің 10 грамы бойынша орташа 2,0 ватт/
килограмды (Вт/кг) құрайды. SAR сынақтары барлық
тексерілген жиілік ауқымдарында құрылғының ең
жоғарғы рұқсат етілген қуат деңгейімен сигнал жіберіп
жатқан кезде, жүйелі жұмыс істету жағдайларының
көмегімен жүргізіледі. Құрылғы тек желіге жетуге
қажетті қуатты ғана тұтынатындықтан, жұмыс істеп
тұрған құрылғының нақты SAR деңгейі ең жоғарғы
Қ а у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т
© 2007 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
74
мәннен төменірек болуы мүмкін. Бұл мөлшер сіздің
желінің негізгі бекетіне қаншалықты жақын
тұрғаныңызға байланысты әр түрлі өзгеріп отырады.
ICNIRP ережелеріне сәйкес құрылғыны құлаққа қойып
пайдалану үшін ең жоғарғы SAR мәні 0.95 Вт/кг
құрайды.
Құрылғының қосымша жабдықтарын пайдаланғанда
және жетілдірілген жағдайда SAR мәндері өзгеруі
мүмкін. SAR мәндері мемлекеттік деректер жіберу
және сынақтар жүргізу талаптары мен желінің жиілік
ауқымдарына қарай әр түрлі болады. SAR туралы
қосымша ақпаратты www.nokia.com сайтындағы өнім
туралы ақпарат бөлімінен алуға болады.
Қ а у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т
© 2007 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
75