Көлік құралдары
Радио сигналдар дұрыс орнатылмаған моторлы
көліктердегі секілді сондай-ақ тиісті шамада
қорғалмаған электрондық жанармай бүрку жүйелері,
бұғаттауға қарсы тежеу жүйелері, электронды
жылдамдық реттеу жүйелері, пневматикалық
жастықша жүйелері секілді электронды жүйелерге
әсер етуі мүмкін. Қосымша ақпаратты білу үшін кез
келген жабдықтың өндірушісінен немесе оның өкілінен
сұрап біліңіз.
Құрылғыға тек білікті қызметкерлер қызмет көрсетіп,
көлікке солар ғана орнатуы тиіс. Құрылғыны ақау
орнатып, қызмет көрсетуі қауіпті болса, құрылғыға
қолданылатын кез-келген кепілдікті күшінен айыруы
мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз жабдықтың дұрыс
орнатылуын, жұмыс істеуін тұрақты түрде тексеріп
тұрыңыз. Құрылғы және оның бөлшектері немесе
жасаулары сақталған бөлмелерге жанғыш
сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш
Қ а у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т
© 2007 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
70
заттарды сақтап, тасымалдаушы болмаңыз.
Пневматикалық жастықшамен жабдықталған
көліктерде пневматикалық жастықшалар үлкен
күшпен үрленіп толатынын есте сақтаңыз. Заттарды,
соның ішінде орнатылған немесе тасымалы сымсыз
жабдықты пневматикалық жастықшадан жоғары жерге
немесе пневматикалық жастықша орналасатын жерге
қоймаңыз. Егер көлік ішіндегі сымсыз жабдық дұрыс
орнатылмаған болса, пневматикалық жастықша
үрленген кезде ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
Ұшақпен ұшып бара жатқан кезде құрылғыны
пайдалануға тыйым салынады. Ұшаққа мінер алдында
құрылғыны сөндіріңіз. Ұшақтың ішінде теле
құрылғыларды пайдалану заңсыз болып табылады.
Ол ұшақтың жұмысына қауіп төндіріп, сымсыз
телефон желісін үзуі мүмкін.