Жұмыс істеу ортасы
Бұл құрылғы құлаққа қатысты қалыпты жағдайда
пайдаланылғанда немесе денеден кемінде 2,2 см (7/8
дюйм) қашықтықта орналасқанда радиожиілік әсері
туралы нұсқауларға сай келеді. Көтеріп жүрген кезде
тасымалдау сөмкесі, белдіктегі қыстырғыш немесе
ұстағыш пайдаланылған жағдайда, оның құрамында
металл болмауы тиіс және құрылғыны денеңізден
жоғарыда көрсетілген қашықтықта ұстауға тиістісіз.
Деректер файлдарын немесе хабарларды жіберу үшін
құрылғы желіге қосылу сапасының жақсы болуын
қажет етеді. Кейбір жағдайларда деректер файлдарын
немесе хабарларды жіберу мұндай қосылу пайда
Қ а у і п с і з д і к т у р а л ы қ о с ы м ш а а қ п а р а т
© 2007 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
67
болғанша кешігуі мүмкін. Деректерді жіберу
аяқталғанша жоғарыда аталған арақашықтық туралы
нұсқаулардың орындалуын қамтамасыз етіңіз.
Құрылғының бөлшектері магнитті болып табылады.
Металл заттар құрылғыға тартылуы мүмкін. Несие
карточкаларын немесе басқа да магнитті сақтау
құралдарын құрылғының қасына қоймаңыз, өйткені,
оларда сақтаулы ақпарат өшірілуі мүмкін.