
Болжалды мәтін енгізу
Болжалды мәтін енгізу алдын ала орнатылған сөздікке
негізделген және ол сөздікке жаңа сөздерді қосуға
болады.
М ә т і н ж а з у
© 2007 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
26

1. 2 мен 9 аралығындағы түймешіктердің көмегімен
сөз жазуды бастаңыз. Бір әріп үшін әрбір
түймешікті тек бір рет басыңыз.
2. Бос орын қосу арқылы сөзді растау үшін 0
түймешігін басыңыз.
● Егер сөз дұрыс емес болса, * түймешігін
қайталап басып, сөзді тізімнен таңдаңыз.
● Егер сөзден кейін ? таңбасы көрінсе, бұл
жазғыңыз келетін сөздің сөздікте жоқ екендігін
білдіреді. Сөздікке сөз қосу үшін Әріптеп
пәрменін таңдаңыз. Сөзді әдеттегі мәтін енгізу
әдісімен енгізіп, Сақтау пәрменін таңдаңыз.
● Күрделі сөздерді жазу үшін сөздің бірінші бөлігін
енгізіңіз және оны растау үшін жылжу түймешігін
оңға басыңыз. Сөздің соңғы бөлігін жазып, сөзді
растаңыз.
3. Келесі сөзді жазуды бастаңыз.