Пернетақтаны кілттеу (кілттеу)
Пернелердің кездейсоқ басылуларын болдырмау
мақсатында пернетақтаны кілттеу үшін Мәзір таңдап,
3,5 секунд ішінде * пернесін басыңыз.
Пернетақтаны ашу үшін Ағыту таңдап, 1,5 секунд
ішінде * пернесін басыңыз. Егер Қауіпсіздік клав-ра
Ж ұ м ы с т ы б а с т а у
© 2007 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
22
қорғауышы қосулы болса, сұралған кезде қауіпсіздік
кодын енгізіңіз.
Телефон күту күйінде тұрғанда, белгілі бір уақыт
өткеннен кейін пернетақтаның автоматты түрде
кілттенуін орнату үшін Мәзір > Параметрлер >
Телефон > Автоматты клав-ра қорғауышы > Қосу
пәрменін таңдаңыз.
Пернетақта кілттеулі күйде тұрғанда қоңырауға жауап
беру үшін қоңырау түймешігін басыңыз. Қоңырауды
аяқтағанда немесе оны қабылдамаған кезде
пернетақта автоматты түрде кілттенеді.
Құрылғы немесе пернетақта кілттенген кезде
құрылғыңызда бағдарламаланған төтенше
жағдайларда шақыру нөміріне қоңырау шалуға
болады.